"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу
орындарына қабылдау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан
Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 9 шілдедегі № 548
бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
ҚР Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 17 мамырдағы № 289 бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 11 мамырдағы № 204 Бұйрығымен күші жойылды
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1118 болып тіркелген "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың типтік ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы № 247 бұйрығына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына қабылдауды ұйымдастырудың сапасын арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 9 шілдедегі № 548 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1577 болып тіркелген, 2001 жылғы тамыз айындағы № 27 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және де өзге де мемлекеттік органдарының Нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1916 болып тіркелген 2002 жылғы 11 маусымдағы № 411 және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2893 болып тіркелген 2004 жылғы 8 мамырдағы № 266 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрықтарымен енгізілген өзгерістері мен толықтыруы бар) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерінде:
барлық мәтін бойынша "өңірлік" деген сөз "мемлекеттік" деген сөзбен ауыстырылсын;